USD
USD
USD

Қазақстанда 22,7 млн. тоннадан астам астық дайындалды

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн. га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн. тоннадан астам астық бастырылды.

Бидай
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, бидай 12,1 млн. га алқапта жиналды, өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн. тонна бастырылды, арпа - 2 млн. га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн. тонна бастырылды, сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.

2024 жылы майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн. тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 105,3 мың га жиналды, өнімділігі 259,3 ц/га болған кезде 2,7 млн. тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн. тоннадан асты. Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик