USD
USD
USD

Қазақстанда 20,8 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егін
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық