USD
USD
USD

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Жаңа газ кен орындарын барлауға және игеруге инвестициялар тарту шеңберінде QazaqGaz бен Chevron арасында Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Газ өңдеу зауыты
Фото: zh-shugylasy.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрлігінің болжамды балансына сәйкес, Қазақстанда тауарлық газ өндіру көлемі өседі: 2023 жылғы 22,5 млрд м3-ден 2030 жылға қарай 36,6 млрд м3-ге дейін. 1,6 есеге арттыру жоспарланған.  

Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту Жол картасына сәйкес жүзеге асырылуда. Жол картасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы Рожковское, Шығыс Өріктау, Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. 

2026-2030 жылдар аралығында төрт газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен іске қосу басталады:

➤ Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3 2 зауыт (Катар инвесторы UCC Holding тартылды);

➤ Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд м3

➤ Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауытын салу. 

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.