USD
USD
USD

Қазақстанда 2028 жылдан бастап ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салына бастайды

Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы ұл балаларды вакцинациялау 2028 жылдан бастап профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне енгізілмек.

Адам папилломасы вирусы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иммундау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүргізіледі.

Дәрігерлердің түсіндіруінше, вакцинация адам папилломасы вирусынан туындайтын кейбір аурулардың, соның ішінде жыныс мүшелеріндегі кондиломалардың, анус обыры мен жыныс мүшесі обырының алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар ұлдарды вакцинациялау вирустың таралуын азайту арқылы әйелдер үшін де жанама қорғаныс бола алады.

Айта кетейік, Қазақстанда биылдан бастап адам папилломасы вирусына қарсы екпе 14 жастан 18 жасқа дейінгі қыздарға да ерікті негізде салына бастайды. 13 мамырда бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 11–13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе егілген, оның ішінде 248 мыңына – бірінші доза, 150 мыңына екінші доза салынды. Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейін кері әсерлер тіркелмеген.

Қазір оқып жатыр

Нұргүл Ертаеваның Алматыдағы коттеджі 1,5 млрд теңгеге сатылды

.

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Тазы

Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Пашинян, Тоқаев

Аптап ыстықтан Шымкент маңындағы тас жолға зақым келді

тас жол