USD
USD
USD

Қазақстанда 2028 жылдан бастап тағы бір «донор» өңір пайда болады

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы қосымша баяндама жасады. 

Жер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін қалыптастыру жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын ескере отырып жүзеге асырылғанын айтты.

Мәжілісменнің айтуынша, 2028 жылдан бастап Маңғыстау облысы өндіруші сектор мен өнеркәсіптен түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына байланысты «донор» өңір мәртебесін қалпына келтіреді, ал Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірлердің қатарына кіретін болады. Осылайша, алдағы үш жылда елімізде 4 «донор» өңір және өзін өзі қамтамасыз ететін бір өңір болады. Сондай-ақ Еркін Әбіл заң жобасын талқылау барысында анықталған бірқатар проблемалық мәселеге тоқталды.

Олар өңірлердегі аяқталмаған жобаларға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі, өңірлер арасындағы алшақтықтың қысқармауы, инфрақұрылым бойынша әкімдіктердің жалған дерек беруі.

Осы мәселелерді шешу мақсатымен Мәжіліс депутаттары өңірлерге бөлінетін субвенциялар көлемін 16,5 млрд теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК

Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тас жолында көлік өртенді

көлік апаты

IMEI-код көрсетілуі тиіс: Қазақстанға телефон әкелу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Смартфон

Төрт адамды өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

күдікті