Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда 2026 жылы «E-Joldar» цифрлық платформасы іске қосылады

Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты.

ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Астана, NEGE. Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Платформаның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін сенімді бақылау және тиімді басқару. Сонымен қатар «E-Joldar» автожол пайдаланушылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды.

Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы