USD
USD
USD

Елімізде 2025 жылдың аяғына дейін тағы 23 өрт сөндіру депосы салынады

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Үкімет отырысында төтенше жағдайларға жедел ден қоюды арттыру шараларын қабылдау жұмыстары туралы баяндады.

Өрт сөндіру техникасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол төтенше жағдайларға мониторинг жүргізіп отыру үшін жасанды интеллект арқылы талдау және геоақпараттық жүйелер енгізілгенін атап өтті. Еліміздің барлық аймақтарында өрт сөндіру деполары мен құтқару станцияларын салу және оларды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы кезеңде 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару стансасы салынып, 196 нысан қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін тағы 23 өрт сөндіру бөлімінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

«Төтенше жағдайлар кезінде халыққа кешенді көмек көрсету үшін өрт сөндірушілерден, құтқарушылар мен дәрігерлерден тұратын әмбебап бөлімшелер құрылды. Осындай 5 бөлімше Аршалы, Макинск, Майтөбе, Аққулы және Қарқаралы елді мекендерінде жұмыс істеп жатыр. Аталған жоба еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен іске қосылатын болады»,

– деді Шыңғыс Арынов. 

Қазір оқып жатыр

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көрсетті?

Сынып

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев