USD
USD
USD

Резервтегі әскери қызметке қатысты заң қабылданды

Мәжіліс резервтегі қызмет мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Әскери адам, сарбаз
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі болады. Сондай-ақ қажетті әскери мамандықтар бойынша резервтік күштерді дайындауға, резервшілердің тікелей әскери бөлімдерге келуіне байланысты әскери бөлімдердің даярлық мерзімін қысқартуға, жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

Заңда оқу немесе жиын кезеңінде әскери қызметші мәртебесін алатын жаңа «әскери резервші» ұғымы енгізіледі. Резервтік қызметті енгізу 2025 жылға жоспарланған. Осылайша әскер дайындығын жетілдіру жалғасады. Бұл тәсіл ТМД елдерінде және әлемдік деңгейде қолданылады.

Қазақстанның Әскери доктринасы қорғанысқа бағытталған, сол себепті еліміз бейбіт уақытта да агрессияға тойтарыс беріп, қажет болған жағдайда мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға қабілетті жауынгерлік армияны қалыптастырады.

Бастапқы кезеңде Қорғаныс министрлігі еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық ерікті жинауды жоспарлап отыр. Болашақта әскерге шақыру әскер қажеттілігіне байланысты реттелетін болады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт