USD
USD
USD

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының каникул кестесі бекітілді

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді. 

Мектеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;

2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;

1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;

4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация мерзімі:

9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;

11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

Математика (алгебра) – 29 мамыр;

Таңдау пәні – 3 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

11 (12) сыныптар үшін:

Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;

Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;

Таңдау пәні – 12 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.

Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі