Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек
Бұл жөнінде Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Астана, NEGE. Аида Балаева заңнаманы және мемлекеттік саясатты жаңартылған конституциялық нормаларға толық сәйкестендіру аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты бағыттарда салалық заңнаманы жаңарту бойынша бірқатар жұмыс жүріп жатқанын айтты.
«Бүгінде мәдениет, ақпарат, БАҚ, архив ісі, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы, дін мен жастар, отбасы саясаты салаларын реттейтін 20-дан астам заңнамалық актіге өзгеріс енгізу жоспарланып отыр», – деді премьер-министрдің орынбасары.
Бұл түзетулер негізгі конституциялық қағидаттарды іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, олар тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетті қолдау, отбасы институтын нығайту және азаматтық қоғамды дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.
Айта кетейік, 2026 жылы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда жаңа Конституцияға қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Қазір оқып жатыр
Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі
Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты
БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды
Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады