USD
USD
USD

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы қай саланың мамандарына ұсынылады?

Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер IT саласындағы мамандарға 2 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынған.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қордау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, жалпы Электрондық еңбек биржасында Қазақстан бойынша 53 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Негізінен жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика саласының мамандарын іздейтіні мәлім болды. Арнайы мамандығы немесе кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтарға да жұмыс орындары ұсынылған.

Ұсынылатын жалақы көлемі маманның кәсібіне, біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне қарай өзгереді. Соның ішінде IT, өндіріс, құрылыс саласындағы мамандарға жоғары жалақы уәде етілген. Атап айтқанда:

  • IT саласында – 2 миллион теңгеге дейін;
  • өндіріс саласында – 1,7 миллион теңгеге дейін;
  • құрылыс саласында – 1,2 миллион теңгеге дейін;
  • ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау саласында – 1 миллион теңгеге дейін;
  • білім беру саласында – 750 мың теңгеге дейін жалақы ұсынылады.

Қазіргі таңда 11 мыңнан астам бос жұмыс орны бойынша жалақы көлемі 300 мың теңгеден жоғары деп көрсетілген.

Министрлік өкілдері  жұмыс іздеп жүрген немесе кәсіби бағытын өзгерткісі келетін азаматтар Электрондық еңбек биржасы арқылы өзіне қолайлы вакансияны тауып, жаңа мүмкіндіктерді пайдалана алатынын атап өтеді.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.