USD
USD
USD

43 градус: 19 шілдеде аптап ыстық пен өрт қаупі күтіледі

«Қазгидромет» РМК 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Көптеген өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен орталығында найзағайлы жаңбыр, бұршақ, қатты жел және нөсер жауын күтіледі. Ал батыс пен оңтүстікте антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ыстық күн
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Күндіз Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39 градус аптап ыстық болады.

Қызылорда мен Түркістан облыстарында күн 40-43 градусқа дейін ысиды.

Жамбыл мен Маңғыстау облыстарында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының батысы, солтүстігі мен орталығы, Жетісу облысының орталығы мен шығысы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық 40-42 градусқа дейін жетеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде күн 43 градусқа дейін ысиды.

Бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары болады. Атап айтқанда:

  • БҚО, Атырау облысының солтүстігі, Абай облысының солтүстік-батысы мен орталығы,
  • Қостанайдың оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысы,
  • Қарағанды облысының орталығы, солтүстігі мен шығысы,
  • Ұлытау облысының солтүстігі,
  • Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігі,
  • Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі,
  • Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының көптеген аймақтарында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы