USD
USD
USD

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Үкімет 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірлеп, биыл маусым айында Парламент қарауына ұсынған. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың тамыз конференциясында мәлімдеді.

Смартфон
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынатынын атап өтті.

«Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығы, адамгершілік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздікке және елдің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды. Қазіргі жағдай 2018 жылы қабылдаған "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңды қайта қарауды және елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді», – деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Үкіметке балаларды қорғау мақсатында контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдауды және балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырды.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер