USD
USD
USD

Қазақстанда 12,7 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

астық бастыру
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 435 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,3 центнер өнімділікпен 1,5 млн тонна картоп және гектарына 284,5 центнер өнімділікпен шамамен 2,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 330,1 ц/га өнімділікпен 396 мың тоннадан астам қырыққабат, 423,3 ц/га өнімділікпен 676,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,6 ц/га өнімділікпен 241,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Қазір оқып жатыр

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова