USD
USD
USD

Қазақстан зымыран шабуылына қарсы қорғанысты арттырады

Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесінің элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр. 

Қазақстан зымыран шабуылына қарсы қорғанысты арттырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы мәселе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдасында қамтылған.

Тұжырымдамада, елдің орасан зор аумағын және шекаралардың ұзақтығын ескере отырып, әскери-көлік авиациясының күштері мен құралдарын жетілдіру арқылы әскерлердің мобильділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, арнайы операцияларды орындайтын күштерді дамытуға баса мән берілген. Қоғамның барлық саласын цифрландыру шеңберінде Қарулы Күштердің кибер- және ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттер жөніндегі әлеуеті күшейтіледі.

«Қос мақсаттағы», яғни соғыс және бейбіт уақытта, соның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылатын компоненттерді дамыту жоспарланған. Ең алдымен, мұндай құрамдарға әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, инженерлік әскерлер, әскери-көліктік авиация жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт