USD
USD
USD

Қазақстан жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын мақұлдады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жасөспірімдерге арналған "Спутник М" ресейлік вакцинасын мақұлдау туралы шешім қабылдады. Вакцина 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған.

Қазақстан жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан "Спутник М" вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды", – деді Ресей тура инвестициялар қорының баспасөз қызметіндегілер. 

Ресей тура инвестициялар қорында өзге елдердегі жасөспірімдерге салынған вакциналардың дозасы ересектердің вакцинасымен бірдей екенін мәлімдеді. Олардың сөздерінше, "Спутник М" арнайы жасөспірімдерге арналып жасалған. 

Ресей денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің "Гам-Ковид-Вак-М" вакцинасын ("Спутник М") 2021 жылдың 24 қарашасында тіркеген. 

"Спутник М" вакцинасы "Спутник V" негізінде жасалған және 30 жыл көлемінде сыналған аденовирус векторының платформасында жасалған. Басты айырмашылығы құрамындағы аденовирус векторының 5 есеге азайтылуында. 

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп, екпенің қауіпсіз екенін анықтаған. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама