USD
USD
USD

Қазақстан: Жарты жылда жарты миллион адам жұмыстан кеткен

 Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта көш бастап тұр.

Қазақстан: Жарты жылда жарты миллион адам жұмыстан кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде жарты жылда 500 мыңнан астам адам жұмысынан кеткен. Жыл басынан бері елімізде тіркелген жұмыссыздардың саны 39,5%-ке ұлғайған. Осылайша Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта ең нашар нәтиже көрсетті деп хабарлайды LS агенттігі. Бір жылда біздегі жұмыссыздар саны  20%-ке артты. Қырғызстан мен Арменияда бос жүрген азаматтар саны артқан. Ал Ресейдегі жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны бір жыл 57%, ал Беларусьте 21%-ке төмендеді.

ЕАЭО: ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ БІР ЖЫЛДА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?

Қазақстан 20,9% өсті Қырғызстан 2,4 % өсті Армения 2 % өсті.  Ресей 57,6% төмендеді Беларусь 21% төмендеді.  Биыл жарты миллионнан астам қазақстандық жұмыстан кеткен. Оның ішінде 9400 адам қысқартуға іліккен. Бұдан басқа, 3800 мыңнан астам қызметкер еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылыпты. 2021 жылдың алты айында кәсіпорынның таратылуына байланысты 1400 –ден астам адам табыс көзінен айырылды.Олардың көпшілігі мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау салаларында еңбек етті. Ал 1900 адам қос тарапқа да қатысы жоқ жағдайларға байланысты жұмыстан кетті. 268 адамның біліктілігі жеткіліксіз екені анықталған. Ал 78900 адам жұмыстан босатудың басқа себептерін көрсеткен. Бұл Ұлттық статистика бюросының биылғы қаңтар-маусым аралығында тіркеген сандар.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖАРТЫ МИЛЛИОН АДАМ ЖҰМЫСТАН КЕТКЕН

9400 адам қысқартуға іліккен 3800 адам еңбек тәртібін бұзған 1400 адам кәсіпорын жабылғандықтан жұмыстан шыққан 1900 адам қос тарапқа да қатысы жоқ жағдайларға байланысты кеткен 78 900 адам жұмыстан босатудың басқа себептерін көрсеткен 268 адамның біліктілігі жеткіліксіз екені анықталған. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт