2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстан және Ресей жұлдыздарының 9 мамырға арналған құттықтауы

9 мамыр қарсаңында қазақстандық және ресейлік шоу-бизнес өкілдері "Тырналар" әнін айтты. Роликте  Батырхан Шүкеновтің осы әнді айтып тұрған үзіндісі келтірілген. 

Қазақстан және Ресей жұлдыздарының 9 мамырға арналған құттықтауы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ерекше құттықтау идеясын қазақстандық Даут Шайхисламов, Мәлік Хасенов және Санат Шапашовтар бастаған. Олар Мәскеудегі КВН-нің жоғарғы лигасында бір командада ойнап, дос болып келеді.

Ән айтқандардың арасында Александр Розенбаум, Николай Расторгуев, Гарик Сукачев, Сергей Безруков, Валерий Меладзе, Владимир Пресняков, Евгений Маргулис, Григорий Лепс, Нұрлан Абдуллин, Ринат Гайсин, Леонид Якубович, Александр Ревва, Алексей Голубев, Владимир Кристовский, Валерий Сюткин бар.

Сондай-ақ роликке Батырхан Шүкеновтің әнді орындаған кезінен үзінді қосылыпты. "Әнді осы үзіндімен аяқтап, біздің аңыз әншіміз Батырдың рухына тағзым етеміз", - деді Даут Шайхисламов.

"Бастамаға қолдау көрсеткендердің барлығы - аңыз адамдар, нағыз музыканттар. Олармен ұзақ сөйлесіп, көндіруге тура келмеді, керісінше, идеяны айттық және олар бізге сенді", - деді Даут Шайхисламов.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау