USD
USD
USD

Қазақстан тағы төрағалық етеді

Қазақстан жаһандық Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің тобын екі жыл басқарады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен. Бұл туралы ҚазТаг хабарлады. 

Қазақстан тағы төрағалық етеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің (ТШЖДЕ) тобындағы 2020-2021 жылдарға арналған төрағалықты алып қабылдады. Төрағалық табыстау рәсімі БҰҰ жанындағы топқа мүше мемлекеттердің елшілері мен сарапшылары және Ең дамымаған елдер, теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер мен кіші аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері жөніндегі БҰҰ Жоғары өкілі Фекитамоелоа Утоикаману қатысуымен өтті», – делінген сәрсенбідегі хабарда.

Сыртқы саяси ведомство атап өткендей, төрағалық ету кезінде Қазақстан 2014-2024 жылдарға арналған теңізге шығар жолы жоқ елдер үшін Вена іс-қимыл бағдарламасын және БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға транзит елдері, БҰҰ агенттіктері және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастықты кеңейту арқылы өңірлік негізде белсенді түрде жәрдемдеседі.

«Төраға ретінде Қазақстан біздің Тобымыз және барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде БҰҰ мекемелері, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор мен ғылыми өкілдері арасындағы ынтымақтастықты қарқындату мақсатында барлық күш-жігерлерді салады», – деп атап өтті шара барысында БҰҰ жанында,ы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

Сонымен қатар, ол Топты алдыңғы екі жылдағы кезінде басқарған Парагвайдың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Хулио Сесар Арриолаға осы лауазымдағы атқарған айтарлықтай жұмыс үшін алғысын білдірді.

Фекитамоелоа Утоикаману өз сөзінде Қазақстан ТШЖДЕ тобының мүдделерін ілгерілету мен қорғауға әрдайым белсенді ұстанымды ұстанғанын атап өтті. Сонымен бірге, ол Сауда мәселелері жөніндегі ТШЖДЕ министрлік кездесуі Дүниежүзілік сауда ұйымы 12-ші министрлік конференциясының шеңберінде 2020 жылы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Үкіметінің арқысында ұйымдастырылатынын хабарлады.

«Қазақстан 2019 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен ТШЖДЕ-нің министрлік жыл сайын кездесуі барысында Топтың төрағасы болып сайланды», - деп еске салды ҚР СІМ.

ТШЖДЕ тобына 32 мемлекет кіреді, оның ішінде 16 ел африкалық құрлықтан, 10 – Азия, оған Орталық Азия мен Ауғанстанның бес елі де кіреді, төртеуі – Еуропадан және екеуі – Оңтүстік Америкадан. Қазақстан теңізге шыға алмайтын ірі ел бола тұра, дүниежүзілік теңізден ең алыс қашықтықта орналасқан (шамамен 3750 км).

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды