USD
USD
USD

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 анықтамасын талап етпейтін болды

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 тестінен өткені жайлы анықтама талап етуді тоқтатты. Бұл туралы көлік саласындағы бас мемлекеттік санитар-дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 анықтамасын талап етпейтін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байғабыловтың сөзінше, оған 1 мамыр мен 10 мамыр арасында ұшқан жолаушылар мен ұшқыштардан коронавирус табылмағаны себеп болған.

Мамырдың 1-інен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейіннен басқа да бірнеше қала арасында әуе рейстері қайта ашылып, COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы бар жолаушыларға ғана ұшуға рұқсат берілген.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталды. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 5138 адамға жетті. 1941 адам жазылды. 31 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.