USD
USD
USD

Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды

Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім  саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасында жазылған.

Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылатын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Жоба Ашық НҚА порталында 23 қарашаға дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.

Келісім 14 баптан тұратын болса, соның 6-бабына сәйкес, "тараптар (Қазақстан мен Өзбекстан – ред.) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде өзбек тілін, әдебиеті мен мәдениетін және Өзбекстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін оқып-үйренуге және оқытуға қолдау көрсетеді".

Сондай-ақ, келісім жобасында екі ел арасында бакалавриат пен магистратура бойынша студент алмасу тәжірибесі туралы да баяндалған. Енді жыл сайын қазақстандық 14 студент пен 6 магистрант Өзбекстанға тәжірибе алмасуға барады. Сәйкесінше, олардың орнына өзбекстандық білім алушылар Қазақстанға келеді. Студенттерге тегін жатақхана беріліп, медициналық қызметтерді тегін алуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, тұрақты шәкіртақы төленеді.

Келісім жобасында сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ғылыми жобаларды жүргізуде, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазуда арнайы шарт жасасу арқылы студент, оқытушы және ғалымдармен де алмаса алатыны жазылған.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев