USD
USD
USD

Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде.

Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

«Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз хабарласуы үшін келесі телефон арқылы «жедел желі» ашылды +7 (7172) 72-06-06.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай

Үлес көбейіп, қарыз қала ма? Шухрат Ибрагимов ERG-ден НЕГЕ енші алуда?

ERG