17 Ақпан 18:41

Қазақстан Украинадан әкелінетін құс етіне шектеу салды

Фото:

Қазақстан құс тұмауы салдарынан Украинадан құс етінің әкелінуіне шектеу салды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қазақстан «құс тұмауына» байланысты Украинаның Винница облысынан құс және құс өнімдерін алып келуге тыйым салды. Уақытша шектеуді 2020 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық Эпизоотиялық бюросы Украинаның Винница облысында құс тұмауының патогенді вирусын тіркеуінің негізінде енгізді», - делінген ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасалған хабарда.

Сондай-ақ, ведомствода нақтылағандай, «Украина Республикасының Винницк облысы аумағы арқылы өңдеуден өтпеген (кемінде 70°С) тірі құстың, инкубациялық жұмыртқаның, мамықтың және қауырсынның, құс етінің және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің транзитіне уақытша шектеу қойды. Сонымен қатар, құстарды күтіп-ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған бұрын қолданыста болған жабдықтарды пайдалануға тыйым салынды».

«Аталмыш шара Қазақстан аумағын құстардың қауіпті ауруларының таралуынан қорғауға ықпал етеді», - деп атап өтті Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы да құс тұмауының шығуына байланысты уақытша шектеулер енгізді.

Тегтер: