USD
USD
USD

Қазақстан Украинада оқитын 200 үнділік студентті қабылдауы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 200-ге жуық үндістандық студенттің Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Айтуынша, Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасаған.

Қазақстан Украинада оқитын 200 үнділік студентті қабылдауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. “Үндістан үкіметі бізге ресми түрде өтініш жолдады. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенттері далада қалған, енді олар бізден көмек сұрап отыр. Негізі, біздің медициналық университеттеріміз көмектесуге дайын, шамамен 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді", - деді ол.

Айта кетейік, студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына ауыстыратын болса, олар ақылы негізде оқитын болады. Мүмкіндігінше оларға жатақхана беріледі.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков