USD
USD
USD

Қазақстан ҰҚ Билли Джин Кинг Cup турнирінің ақтық сынына алғаш рет қатысады

Теннистен әйелдер арасындағы құрама командалардың әлем чемпионаты аяқталып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан ҰҚ Билли Джин Кинг Cup турнирінің ақтық сынына алғаш рет қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтық сын 8-13 қараша аралығында Глазгода өтеді. Жыл сайынғы шараға федерация кубогы деген айдар тағылып келген. Қазір әлемнің бірінші ракеткасы болған Билли Джин Кинг атымен аталады. Жарысқа 12 мемлекет қатысып жатыр. Олар 4 шағын топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы ақтық сынға жолдама алады. Міне Қазақстан да осы саптан көрінді. Қазір спортшыларымыз Шотландияда дайындалып жатыр.

Жібек Құламбаева, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

- Біз топтық кезеңде Ұлыбритания мен Испания құрамасын жеңуіміз керек. Әрине, алғашқыларын басып озу қиындау болады, өйткені жарыс олардың отанында өтіп жатыр. Екінші де әлемдік рейтингте бізден жоғары тұр. Испандықтар 3 орында. Қазақстан – 9 орында. Бұл қағазда жазылған көрсеткіш. Шынайы мықтыны ойын көрсетеді. Біздің әлеуетіміз жаман емес.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City