USD
USD
USD

Қазақстан U-21 құрамасы Мажарстан және Бельгиямен кездеседі

Қыркүйек айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан U-21 құрамасы Мажарстан және Бельгиямен кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Мажарстан және Бельгия құрамаларымен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Қыркүйек айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды. Еске сала кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы "В" тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері алғашқы ойынды 7 қыркүйек күні сырт алаңда Мажарстанмен өткізеді. Матч Сегед қаласының "Грошич Академиясында" болады. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады. Екінші матчты Қазақстан U-21 құрамасы қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Бельгияға қарсы ойнайды. Ойын Левен қаласында "Ден Дриф" стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 00:00-де басталады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматыда басталады. Тізімге 23 футболшы енді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Никита Пивкин ("Елімай"), Данила Карпиков ("Шахтер");

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де  – "Атырау"), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин, Александр Мрынский, Егор Ткаченко (барлығы – "Қайрат"), Әділхан Добай ("Мақтараал");

Жартылай қорғаушылар: Ален Айманов ("Елімай"), Нұрғайни Бөрібаев ("Тұран"), Мейрамбек Қалмырза ("Оқжетпес"), Әділет Садыбеков ("Қайрат"), Давид Есімбеков ("Жетісу"), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – "Шахтер"), Нұрәли Жақсылық ("Астана"), Бейбіт Ғалым ("Тобыл");

Шабуылшылар: Иван Свиридов ("Шахтер"), Денис Митрофанов ("Ислочь", Беларусь), Ян Труфанов ("Қайрат")

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза