Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр

Туу көрсеткіші туралы рейтингте Қазақстан 229 елдің арасында 105-орында тұр. Әрбір 10 мың адамға 164 нәрестеден келеді.

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көш басында Нигер (10 мыңға 475 шақалақ), Ангола (427) және Уганда (423) тұр. Ал соңғы орынға Монако (64 сәби) жайғасқан, деп хабарлайды finprom.kz. ЕАЭО елдері арасында Қырғызстан алдыңғы қатарда: 10 мың адамға – 206 сәбиден келеді. Арменияда – 119, Ресейде – 100, Беларусьте – 95. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 389,9 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 процентке көп. Өңірлер бойынша жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі (14,3%) – 55,3 мың. Одан кейін Алматы облысы (49,1 нәресте) мен Алматы қаласы (32,3 мың) тұр. Өткен жылдың 11 айында 1 жасқа дейінгі 3 мың нәресте өлімі тіркелген. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,8%-ке кем.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық