USD
USD
USD

Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады – Әлихан Смайылов

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады – Әлихан Смайылов
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Түркия вице-Президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркия Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», — деді Ә. Смайылов.

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3,74 млрд долларды құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32% артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен 5 млрд доллар инвестиция салды, Қазақстанның Түркияға салған инвестиция көлемі 1,1 млрд долларды құрады.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Қазір оқып жатыр

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай

141 депутат қолдады: Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин