USD
USD
USD

Қазақстан туризмі Түркиядан алда екен

Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде 62-орын алды және Ресей (65-орын) мен Түркияны (66-орын) басып озды.

Қазақстан туризмі Түркиядан алда екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Euromonitor International компаниясы тұрақты туризмі бар елдердің рейтингін жасады. Тізімде барлығы 99 ел бар. Алғашқы үштікте Швеция, Финляндия және Австрия тұр. Тізімді Маврикий (97-орын), Үндістан (98-орын) және Пәкістан (99-орын) аяқтайды.

ТМД елдерінен көшбасшы Беларусь болды – 26-орын. Әрі қарай Украина мен Грузия – 30 және 41-орында. Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Молдова тізімге енбеді.

Бұл тізім экологиялық таза, парасаттылық және жауапкершілік сияқты принциптерге негізделген. «Тренд идеологтары» тұрақты туризм рейтингінде қоғамның табиғи ресурстары, әлеуметтік және мәдени құндылықтарын сақтау үшін жасалған жағдай, туризмнің дамуы ескерілетінін түсіндірді. Оның мақсаты – экономикалық өсім және болашақ ұрпақ үшін экологиялық игіліктерді сақтау арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер