Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы»: Басқарма төрағасының орынбасары сотталып жатыр

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы»: Басқарма төрағасының орынбасары сотталып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы саналатын және «Бәйтерек» холдингіне кіретін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі жедел түрде сотқа жолдады.

Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан ортақ мүлікті басқару (жылу және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Енді шенеуніктің кінәсі бар-жоғын сот анықтайды. Биғайдаров тергеу мүддесінде басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат