Қазақстан туберкулезбен күрес бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.
Алматы, NEGE. Республикалық конференцияны Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық Қордың Қазақстан Республикасындағы туберкулез компоненті бойынша Грант жобасы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан фтизиатрларының қауымдастығы ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық серіктестер – USAID, Қазақстан Республикасындағы ETICA жобасы, «AFEW Kazakhstan», «Камеда» қоғамдық қоры өкілдері, туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның консультанттары, туберкулез саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез әлемдегі ең қатерлі жұқпалы ауру болып қалғанын мәлімдеуде. Туберкулез індетіне тосқауыл қою жағынан Қазақстанның туберкулезге қарсы ұлттық қызметі оң нәтижелерге қол жеткізе алды.
ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Қасенова: "Қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезді анықтау мен емдеудің заманауи жылдам әдістерін енгізудің арқасында туберкулезбен сырқаттану мен өлім-жітім көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеп келеді. Мәселен, 2021 жылы туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 35,9 құрады. 2012 жылғы 100 мың адамға шаққанда 81,7 көрсеткішімен салыстырғанда туберкулезбен ауыру 2,3 есеге азайды. 2021 жылы туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткіші 1,7 құрап, 2012 жылғы 100 мың адамға шаққанда 7,4 көрсеткішімен салыстырғанда 4,4 есеге азайды», – деп мәлімдеді.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады