USD
USD
USD

Қазақстан төлқұжаты қаншалықты мықты екені белгілі болды

Қазақстан ұлттық төлқұжаттың "мықтылығы" бойынша мемлекеттер рейтингінде 53-ші орында.

Қазақстан төлқұжаты қаншалықты мықты екені белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейтингте барлығы 97 позиция бар. Қазақстан ұлттық төлқұжаттың мықтылығы деп аталатын мемлекеттер рейтингтерінің тізімінде 53-орында тұр. Еліміз былтыр да Passport Power Index рейтингінде осы орында тұрған болатын. 

Қазақстан азаматтары әлемнің 39 еліне визасыз бара алады, тағы 52 мемлекетке қазақстандықтар келгеннен кейін виза алуға өтініш бере алады. Қазақстанстандықтарға 107 елге бару үшін виза қажет болады.

Ұлттық төлқұжаттың күші бойынша Қазақстан Тынық мұхитындағы аттас аралда орналасқан кішкентай Науру мемлекетімен бір қатарда. Ең "мықты" төлқұжат БАӘ-де: Әмірліктер азаматтары әлемнің 125 еліне визасыз бара алады. "Ең әлсізі" Ауғанстанда (визасыз режим бар бес ел ғана).

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.