Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Беларусьтен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалықты қабылдайды.

Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында ТМД шеңберіндегі өзара экономикалық іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланған еді. Отырыс қорытындысы бойынша ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық және сабақтас құқық объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісім қабылданды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары, 2022 жылы ТМД-да халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2030 жылға дейінгі «1520 кеңістікте» теміржол көлігін стратегиялық дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

2022 жылы ТМД-ға Қазақстан төрағалық етеді. ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің келесі отырысын 2022 жылы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған. ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 60-шы отырысы да 2022 жылы Қазақстанда өтеді. 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде мемлекеттердің басшылары 2021 жылғы өзара ықпалдастықты қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ортақ жоспарды талқылады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық