USD
USD
USD

Қазақстан Тәжікстанның 10 ауылын интернетпен қамтамасыз етеді

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Тулеушин Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері өндірушілерінің халықаралық көрмесіне қатысу аясында, цифрландыру саласындағы тәжірибені беруді көздейтін бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

Қазақстан Тәжікстанның 10 ауылын интернетпен қамтамасыз етеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, ЦДИАӨМ, «ҰАТ» АҚ мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрліктері арасында жол карталарына қол қойылды.

Сонымен қатар, «РҒБО» АҚ (Қазақстан) мен «Нет Солюшенс» ЖШС (Тәжікстан) арасында «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 жекелеген ауылдық елді мекендерін интернет желісіне қосу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысты ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша 50-ге жуық шалғай ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Осы құжаттарға қол қою – Қазақстандағы ІТ саласының дамуының жаңа кезеңі. Біз алғаш рет отандық GovTech шешімдерін экспорттап жатырмыз. «ҰАТ» АҚ заманауи электрондық үкімет инфрақұрылымын құрудағы тәжірибемізді Тәжікстандағы әріптестерімізге беру міндетін алды. Өз кезегінде "РҒБО" АҚ пилот шеңберінде 10 ауылға интернет желісін ұсынып, содан кейін жобаны келесі жылы 50 ауылда іске асырады», - деді Қ.Тулеушин құжаттарға қол қойғаннан кейін.

Аймақ мемлекет басшыларының V Консультативтік кездесуіне орайластырылған Орталық Азия мемлекеттерінің тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сала өкілдерін, зерттеушілер мен инноваторларды жинады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты