USD
USD
USD

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Аталған келісім 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.

«Келісімге сәйкес Тәжікстан тарапы Қазақстаннан берілетін әскери мүлікті тек тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдануға және оларды үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев 25 қарашада Сенаттың жалпы отырысында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе