USD
USD
USD

«Қазақстан. Тәуелсіздікке 30 жыл» кітабы жарыққа шықты

Еліміз үшін маңызды мерейтой қарсаңында Нұр-Сұлтандағы «Brands of Kazkahstan» баспасы «Қазақстан. Тәуелсіздікке 30 жыл» кітабын жарыққа шығарды. Бұл жайлы ҚазАқпарат жазды. 

 «Қазақстан. Тәуелсіздікке 30 жыл» кітабы жарыққа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кітаптың авторы әрі құрастырушысы – Раушан Мұхаметалина. Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминнің алғы сөзінен басталатын еңбектің ішінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың елдегі индустрияның дамуы туралы талдамалық мақаласы басылған.

«Тәуелсіздік шежіресі» айдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи рөлін сипаттайтын фотосуреттер ұсынылған.

Сондай-ақ, кітапта 17 өңірдің әкімдері жазған Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жергілікті жетістіктер туралы мақалалар, түрлі салаладағы жетекші кәсіпорындар мен брендтер туралы мәлімет топтастырылған.

Мерейтойға арналған басылымның бас демеушісі – «Саутс-Ойл»ЖШС мұнай-газ компаниясы. Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В», «СNPС-«Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС сияқты өндіріс алпауыттары да демеушілік көрсеткен. Еңбек Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және алыс шетел оқырмандарына арнап орыс және ағылшын тілдерінде жазылған премиум-класты сыйлық ретінде басылып отыр.

«Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы 2021 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда үлкен табыстарға қол жеткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының демократиялық, экономикалық және саяси даму бағытын жалғастыруда. Кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылды. Біздің басты міндетіміз – осы кітап арқылы Қазақстанды еліміздің, ЕАЭО, ТМД елдерінің және алыс шетел оқырмандарына экономикасы дамыған, экономика мен бизнестің барлық салаларында өсу әлеуеті жоғары мемлекет ретінде таныстыру», – деді кітаптың авторы және құрастырушысы Раушан Мұхаметалина.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.