USD
USD
USD

Қазақстан танкішілері дайындықтарын пысықтады

Қазақстандық әскерилер Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» конкурсына дайындық аясында Мәскеудің «Алабино» полигонында танкілердің қаруын тексеруден өткізді. 

Қазақстан танкішілері дайындықтарын пысықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тәжірибелік оқ-атулар арқылы зеңбіректер мен пулеметтердің жарамдылығы, сондай-ақ олардан нысанаға тиімді соққы беру мүмкіндігі тексерілді. Экипаждар атыс кезінде шебер және үйлесімді әрекеттерін көрсетті. Сонымен қатар, жарыс ережелеріне сәйкес, қазақстандық әскерилер сайыс барысында техникамен өтетін трасса бағдарын зерттеді», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінен. Оқ ату кезеңдеріне ерекше назар аударылған. Себебі ол сынақтардан сәтті өту көп жағдайда сайыс қорытындысына әсер етеді. «Бізді танкішілер аз уақыт ішінде бізге берілген техникаға техникалық қызмет көрсетуді сапалы орындады. Ал ату кезінде Отанымызда өткен қорытынды атулар кезіндегі көрсеткіштерден кем түспейтін нәтиже көрсетті. Бұл, команданың жеке жарысқа қатысуға деген ұмтылысы мен жоғары тұрғыдағы дайындығын білдіреді», - деді команда жаттықтырушысы полковник Анатолий Котвицкий. Армия халықаралық ойындарының ашылу салтанаты 23 тамызда өтеді және ҚР Қорғаныс министрлігінің YouTube-каналында тікелей эфир арқылы көрсетіледі (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағаты 16.00-де басталады).

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай