USD
USD
USD

Қазақстан Швейцариямен кездесетін болды

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) элиталық дивизиондағы командалар арасында 2020 жылғы әлем чемпионаты басталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан Швейцариямен кездесетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылардың айтуынша, карантин және түрлі шектеулер спорттық шаралардан тыс қалуға себеп бола алмайды. Сондықтан Әлем чемпионатын өткізуге шешім қабылданған. Қазақстан командасы қатысатын бұл жарыс дауыс беру арқылы виртуальды форматта өткізіледі. Әлем чемпионатының жоспарланған әр матчына екі сағатқа созылатын уақыттың ішінде дауыс беруге болады. Жанкүйерлердің дауыс саны және Федерацияның өз формуласы бойынша қорытындысы жарияланады. Өз даусыңызды әлеуметтік желідегі IIHF ресми аккаунтында қалдыруға болады. Бұл дүбірлі додада Қазақстан алғашқы ойынын Швейцариямен өткізеді. Матч 10 мамырда болады. Айта кетер болсақ, бұдан бұрын мына командалар кездескен еді. Олар: Ресей - Швейцария - 4:3 (буллиттер), Швеция - Чехия - 5:4 (буллиттер), Канада - Германия- 4:1, Финляндия - АҚШ - 6:3.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот