USD
USD
USD

Қазақстан шұғыл түрде 3 миллионнан астам медициналық бетперде сатып алады

Қазақстандағы ауруханалар үшін шұғыл түрде медициналық бетперде сатып алынуда. Бұл туралы 28-қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Қазақстан шұғыл түрде 3 миллионнан астам медициналық бетперде сатып алады
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. «Ауруханалар үшін біз шұғыл түрде әртүрлі медициналық бетперде сатып алудамыз. Атап айтқанда: 2,5 миллион медициналық бетперде мен  1,3 миллион респираторлы бетпердеге, бір реттік және кәсіби қорғаныш киімдеріне, диагностикалық аппаратуралардың керек-жарағына тапсырыс берілді», - деді Бекшин.

Одан бөлек, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған 30 капсула мен науқасты қашықтан анықтайтын қосымша 33 құрал сатып алынатыны белгілі болды. Сонымен бірге отандық өнім өндірушілерге дәкеден жасалатын қарапайым бетпердені көптеп өндіру туралы ұсыныс айтылды. Жандарбек Бекшин Қытай халық республикасынан 6-қаңтардан кейін елге оралғандардың бәрі анықталғанын, олардың бәрін дәрігерлер бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.