USD
USD
USD

«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу үшін арнайы комиссия құрылды

Бұл туралы

«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу үшін арнайы комиссия құрылды
Фото: NEGE.kz

Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Алмтаы, NEGE. Арнайы комиссия "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеуге кірісті. Комиссия мүшелері өрттің себебін және төтенше жағдайдың мән-жайын анықтауы тиіс. Сонымен қатар шахта базасында жедел штаб құрылып, оның жұмысы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басинге тапсырылды.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеевтің айтуынша, шахтада соңғы тексеру жақында ғана жүргізіліпті. Олқылықтар анықталды, бірақ олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген.

Метанның асып кетуі де тіркелмепті. Апатты жою жоспары СО бойынша айғақтарға байланысты енгізілді, деп атап өтті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

"Зардап шеккен бес адамның екеуі жұмыс қабілеттілігі мен орналасу жүйесін тексерумен айналысатын слесарлар болды. Олар бірінші ауысымда апат болған конвейер беткейіндегі кейбір ақауларды жою жұмыстарын атқарған. Апат орнындағы тағы бір слесарь КТ учаскесінен еді. Екі жұмысшы апат учаскесінің жанында болды", – деді Сергей Огай.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан