USD
USD
USD

Қазақстан Президентінің Протоколы қызметінің атауы өзгерді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Президентінің Протоколы қызметінің атауы өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2021 жылғы 2 шілдедегі № 615 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығындағы сөздердің бір бөлігі ауыстырылсын", - делінген хабарламада.

Оылайша, жаңа жарлыққа сәйкес сөздерді ауыстыру туралы қаулы шығарылады:

"29-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі – Президент Протоколы)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі – Президенттің Протокол қызметі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

33-тармақтағы "Президент Протоколы" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

65-тармақтағы "Президент Протоколының" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтағы "протоколы" деген сөз "Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

95-тармақтағы "Президент протоколы" деген сөздер "Президенттің Протокол қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

Сондай-ақ, 111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі".

Бұдан бөлек, Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына өзгерістер енгізіледі. Мысалы, "Президент хаттамасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Президент хаттамасының қызметі".

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп