USD
USD
USD

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қадағалау ведомствосының жетекшісі Мемлекет басшысына Төтенше жағдай кезінде еліміздегі құқықтық тәртіпті сақтау үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокуратурадағы және жергілікті жерлердегі іс-қимылдар мен шешімдерге дер кезінде құқықтық баға беру үшін шұғыл әрекет ету штабтары құрылғаны жайында мәлімет берілді.

Ғизат Нұрдәулетов жекелеген медициналық құрал-жабдықтарды қолдан қымбаттатуға жол бермеу, жалған және арандатушылық ақпараттардың таралуына қарсы күресу мақсатында, сондай-ақ, Төтенше жағдай режимінің бұзылуына қатысты құқық қорғау органдарының қабылдайтын шаралары туралы айтты.

 Қазақстан Президенті азаматтардың құқықтары мен қоғам мүддесін сақтаудың, уақытша шектеу шаралары кезінде заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына баса мән берді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз