USD
USD
USD

Қазақстан Pfizer вакцинасының жарты миллион дозасын ақысыз алды

Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Pfizer вакцинасының жарты миллион дозасын ақысыз алды
Фото: NEGE.kz

Қазақстан "Комирнати/Омикрон" (Pfizer) вакцинасының 500 мыңнан астам дозасын Словакиядан өтеусіз негізде жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлады.

Алматы, NEGE."Өндіруші компанияның нұсқауына сәйкес, "Комирнати/Омикрон" вакцинасы бұрын КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ғана ұсынылады. Оны вакцинациялаудың толық курсы үшін қолдануға болмайды.

"Комирнати/Омикрон" вакцинасы – бұл коронавирус штамының жаңа нұсқаларын ескере отырып жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар вакцина. Елге келгеннен кейін "Комирнати/Омикрон" вакцинасы өңірлерге таратылады және коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау үшін қолжетімді болады", - дейді министрлік мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 99,8 процентінде COVID-19 Омикрон штамы анықталды.

Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан аумағында вакцинацияның толық курсын алуға, сондай-ақ халықты ревакцинациялауға "КазВак" (ҚР), "Синофарм" (Қытай), "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакциналары қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич