USD
USD
USD

Қазақстан Палестина халқына қосымша гуманитарлық көмек жеткізді  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді. 

Қазақстан Палестина халқына қосымша гуманитарлық көмек жеткізді  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетілетін болады. Бұған дейін ү.ж. 17 қарашада жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы сәтті эвакуацияланды. 

Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың «Қызыл Жарты Ай» қоғамына тапсырылды. Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді. 

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар