USD
USD
USD

Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде мәлімдеді. 

Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жетінші. Медиацияның (Mediation) рөлін арттыру – өзекті мәселе. Қазір айналамызда күрделі ахуал қалыптасып отыр.

Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым.

Ондаған жыл бойы шешімін таппаған өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық көрсету және лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес. Қазақстан мұндай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез-келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау маңызды», - деді президент. 

Қазір оқып жатыр

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық көмек

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

.

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Құрылыс