USD
USD
USD

Қазақстан Пәкістан мен Иранға астық жөнелтеді

Серік Жұманғарин Қазақстан 10 қыркүйектен бастап астық шығаруға қойылған шектеулерді алып тастағанын айтты.

Қазақстан Пәкістан мен Иранға астық жөнелтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бізде астық жеткілікті. Азық-түлік корпорациясы қамтамасыз етті, сондықтан Қазақстанда астық тапшылығы болмайды", – деді министр.

Сондай-ақ, ол қазақстандық астықты қай елдерге жіберуді жоспарлағанын түсіндірді.

"Мен Пәкістан, Иран өкілдерімен кездесуді жоспарлағам. Самарқанда болған кезде Мемлекет басшысы Пәкістан мен Иран басшыларымен кездесулер өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Келесі аптада осы бойынша келіссөздер болады, жеткізу ғана емес, көлік логистикасын кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын оңтайландыру мәселесі де қарастырылады. Экспорт бойынша жоспарлар көп, өйткені алдымызда шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту міндеті тұр", – деді сауда және интеграция министрі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити