USD
USD
USD

Қазақстан намысын қорғайтын кениялық атлет әлем чемпионатында мәреге жете алмады

Венгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан намысын қорғайтын кениялық атлет әлем чемпионатында мәреге жете алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 200 астам елдің спортшылары бақ сынап жатқан додада Қазақстанның намысын 8 атлет қорғауда. Бүгін 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру өз өнерін ортаға салды.

Жарыс жолына 22 спортшы шығып, қазақстандық жеңіл атлет мәреге дейін жете алмады. Осылайша ол соңғы орынмен шектелді. Ал тұғырдағы барлық орын эфиопиялық желаяқтарға бұйырды.

Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Гудай Цегай дүниежүзілік доданың үшінші алтынын алса, Летенсбет Гидей күміс, Эйгайеху Тайе қола жүлдегер атанды. Енді Каролин Чепкоеч Кипкиру 23 тамыз күні 5000 метрлік қашықтықтың іріктеу сынында өнер көрсетіп, финалға өтудің амалын іздейді. 20 тамыз күні жарыс жолына еліміздің атынан Давид Ефремов шығады. Ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде бағын сынап көреді. Іріктеу бәсекесі Астана уақытымен 17:05-ке жоспарланған.

Сонымен қатар, алдағы күндері 35 шақырымдық спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырымдық марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева жүлделер үшін таласатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс