USD
USD
USD

Қазақстан мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды 

  Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Қазақстан мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «6 маусымда ОПЕК+ конференциясының отырысы өткен болатын. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан шілденің соңына дейін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін мұнай өндіретін болды. Сондай-ақ осы жылдың мамыр-маусым айларында әртүрлі себеппен өндірістің артуы байқалатын елдер бойынша шілде-қыркүйек айларында мұндай артуды өтеу туралы шешім қабылданды. Қазақстанда мамыр айының алғашқы 12 күнінің ішінде мұнайдың қосынды артуы 3,13 млн баррельді құраған болатын. Оны өтеу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр», – деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында. Министр өз сөзінде қайта қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, 2020 жылғы өндіру болжамы 86 млн тоннаны құрайтынын жеткізді. «Бұл – индикативтік жоспардан 4 пайыз төмен. Индикативтік жоспар 90 млн тонна болған», –  деді ол.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова