USD
USD
USD

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін азайтады

ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін азайтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында келісім елдеріндегі мұнай өндірудің жалпы көлемі - тәулігіне 40,46 миллион баррель. Бұл қазіргіден 1,4 миллионға аз.

Әр елдің өз квотасы белгіленген. Ресей үшін бұл тәулігіне 9,828 миллион баррель, Сауд Арабиясы үшін — 10,478 миллион.

Мәскеу және Эр-Рияд - ОПЕК + қатысушылары арасындағы ең ірі мұнай экспорттаушылар.

Ангола мен Габон делегаттары кездесу кезінде ұйымның штаб-пәтерінен шығып кеткен.

The Wall Street Journal хабарлауынша, іс жүзіндегі одақ жетекшісі - Сауд Арабиясы Африканың шағын елдерінің мұнай өндіру квотасын азайтуға шақырған.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік