USD
USD
USD

Қазақстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды

Тәжікстан Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында 2023 жылғы 4 мамырда Астана қаласында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Тәжікстан Республикасының Қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Султанзода Сулаймонмен кездесті.

Қазақстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Асхат Жұмағалиев Орталық Азия өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы екі ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді қарым-қатынас орнатуға тілек білдірді.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті